mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Күріш қауызы — жем мен биотыңайтқыш көзі

Күріш қалдығы кәдеге жарайтын болды. Осылайша, ғалымдар осы уақытқа дейін қоқысқа тасталып келген қауызды биотыңайтқыш ретінде, тіпті малға жем ретінде пайдалануға болады деп отыр.

Ал шаруа қожалығының иесі Дәулет Сәрсенбай оны қайта өңдеп, малға азық дайындауды бастап та кеткен. Тіпті биоотын шығаруға да болады деп отыр. Шаруа қожалығының иесі: «Қала сыртына қоқыс ретінде тонналап шығарылып жатқан күріш қауызы қоршаған ортаға зиян. Ал төкпеске амал болмай келді. Сондықтан шаруалар айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Енді қауыз қайта өңделетін болады. Мен арнайы қондырғы орнатып, зауытта тәулігіне 10 тоннаға дейін қалдықты қайта өндеуді қолға алдым.  Бұл күріштің қабығынын пайдасы — малдың асқазанындағы түрлі ауруларға, тамақтардың қорытылып кетуіне пайдасы бар екенін білдік.

Сұраныс бар. Килограмы 10 теңгеден. Алдағы уақытта күріштің қабығынан гранулалық отын шығару ойда бар. Қызуы сексеуілден кем емес. Ауылдық жерлерге, газ бармаған жерлерге тиімді деп ойлаймыз. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері күріш қауызының зияны жылдар өткен сайын еселенеді деп отыр»,— десе, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіков: «Өткен жылы облыста 530 мың тонна күріш жиналса, оның 100 мыңы — қауыз.  Бағасы, әрине, қымбаттау. Ең қымбаты — Германиянікі, 150 мың еуроның үстінде тұрады. Қытайдікі —50 мың еуро көлемінде. Бірақ, бұл инвестиция — тиімді  инвестиция. Біздің кәсіпкерлер палатасының атынан Астанаға кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсыныс жіберіп: «Осындай қондырғылар қойған кезде 50 пайызға дейін субсидиялансын»,— деп ұсыныс жасадық. Күріш қауызын майдалайтын технология қажет. Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты ғалымдарының өз ұсыныстары бар.

Олар күріш қауызынан биотыңайтқыш дайындауға болатынын анықтаған.  Ы.Жахаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының бас директоры Серікбай Өмірзақов: «Оны топыраққа сіңдіріп, топырақтын құнарлығын арттыру және осы шелуханы тиімді үтілдеу технологиясы жасалынып, қазір өндіріске енгізілуде. Осы технологияны сақтасақ, бір айдын ішінде 40-50 тонна күріштің қауызын тиімді үтелдеу арқылы біз органикалық мақсаттағы жаңа тынайтқыш ала аламыз. Ал әзірге шаруалар күріш қауызын далаға тастап жатыр. Басқа амал жоқ болғандықтан, айыппұл төлеуге мәжбүр.

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Секcенғали Сейтенов: «Рейд жүргізіп, «Қызылорда құрылыс НК» Камаз машинасы ұсталды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. (56 мың 725 теңге). Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 217 бабының 1 тармағы 3 тармақшасына қалдықты бей-берекет тастағаны үшін осы заң талабы қолданылады. Қазіргі таңда осы мекеме сол жерлерді жер қойнауын тегістеумен айналысып жатыр. Әдетте экологтар рейдке күріш жинау науқаны аяқталған соң шығады. Жаңа жоба енгізілсе, биыл тәртіпті бұзушылар саны азаяды деп сенеміз»,— дейді.

(14)