Еліміздің қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Транспаренси Интернешнлде оң баға алды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарлайды:Қазақстанда іске асырылып жатқан қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Транспаренси Интернешнлде

оң баға алды.

2018 жылғы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі ресми жарияланды, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты.
Транспаренси Интернешнл барлық әлем бойынша сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне зерттеу жүргізетінін және осы жылы бағаланған елдердің саны 180-ге дейін өскенін атап өткен жөн.
Бұл ретте, 2017 жылғы СТИ-де бір де бір ел 90-нан жоғары ұпайды иелене алмады, бұл сыбайлас жемқорлықтың әлемнің барлық елдеріне тән екенін дәлелдейді.
Өз кезегінде, Қазақстан 1999 жылдан бастап аталған рейтингтің қатысушысы бола тұра, алғаш рет 31 ұпайға қол жеткізді, бұл 30 ұпай бастапқы мәнді асып, барынша сыбайласқан елдердің категориясынан шығуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, СТИ аккредиттелген 9 халықаралық рейтингтік агенттіктердің мәліметтерінің және сарапшылар мен іскерлік топтардың арасында жүргізілген пікіртерімдерінің негізінде құрылды.

Өткен жылы Агенттікпен барлық 9 халықаралық рейтинг ұйымдарымен өзара іс-қимыл бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды, оның ішінде Германия, Швеция, Швейцария және АҚШ ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылған.

Мұндай нәтижеге қол жеткізу азаматтық қоғамның, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа “мүлдем төзбеушілік” қалыптастыруында тиімді ынтымақтастықтың бастамасы болып табылады.

                                       ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

                                       іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

                                       баспасөз қызметі

(30)