Дінислам Болатханұлы: Мұғалімге жұмыс істеу үшін мүмкіндік берейік!

Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының алғашқы брифингі өтті.
Облыстың бас педагогы тілшілерге мекеме жұмысының жоспарлары, өңірде білім беру қызметінің сапасын жақсарту, ақпараттың айқындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтты.
Білім беру басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысы болады. «Ұлттық білім беру дерекқоры» білім беру салалаларының басым бөлігінде енгізілетін болады. Аталған бағытта бірден 10 жоба жоспарланған. Балаларды балабақшаға кезекке қою, жолдамалар беру, баланы мектепке жазу, оларды қабылдау және тағы басқа процестерді автоматтандыру бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілетін болады. Дінислам Болатханұлы «Мәліметтер қорын автоматтандыру ата-аналарға онлайн режимінде өз өтініштерін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындар қызметінің мейлінше айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз оқу орындарында сыйбайлас жемқорлықты толық жоюымыз қажет», — деп атап өтті.
Бұдан басқа, базада әр мектеп, мұғалім, оқушы жөнінде барлық мәліметтер жинақталатын болады. «Бюрократия және сарсаңға салудың барлық түрлерін жою, құшақ-құшақ қағаздардың соңында тынымсыз жүруді тоқтату қажет. Мұғалімге жұмыс жасау үшін мүмкіндік берейік!».
Пилотты жоба шеңберінде мұғалімдер үшін ІТ-офистерін құру жоспарланған. «Қазіргі заман мұғалімі өз білім деңгейін тұрақты арттыруы, педагогикалық шеберлігін жетілдіруі тиіс. Біздің міндетіміз — оны барлық қажетті техникалық құралдармен, сапалы интернетпен, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету», —деді Дінислам Болатханұлы.
Тағы бір жағымды жаңалық облыс бюджетінен облыстың жоғары оқу орындарына әлеуметтік сала мамандарын даярлау бойынша 200 грант бөлу туралы хабарлама болды.
Білім беруге инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі уақытта көлік және коммуникациялар колледжі мен Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері үшін бірден екі жатақхана құрылысының жобасы қарастырылуда.
Облыс мектептерінде қамқоршылық кеңестер функциясын кеңейту жоспарлануда. Егер бұрын кеңестер материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп қатысқан болса, онда қазір олар бюджетті қалыптастыруға өзгеріс енгізе алады, қаражаттарды бөлуге, кәмелетке толмағандар құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатыса алады.
Білім беру мекемелерінде «жан басына шаққандағы қаржыландыру» енгізілетін болады. Енді оқу орындар білім алушылар контингентінің саны бойынша қаржыландырылатын болады. «Осылайша ұйым басшылары оқушылар санына қызығушылық танытатын болады, себебі қаржыландыру балалар санына тікелей байланысты болады. Педагогтар өз ақшаларын санай бастайды».
Маңызды өзгерістер білім беру мекемелерінің шаруашылық қызметінде де қарастырылған. Мектептердің техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін серіктес компаниялардың қарамағына тапсыру жоспарланған. «Педагогтың шаруашылық, ғимаратты тазалау, жөндеу және т.б. проблемалармен басы қатпауы тиіс. Мұғалім оқу процесімен айналыссын!», — деді басқарма басшысы.
Дінислам Болатханұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әзірленетін облыстың білім беру саласының тәрбие жұмысы тұжырымдамасына ерекше тоқталды. Аталған стратегияны іске асырудың арқасында жастар мен оқушыларды мәдениетке, патриоттық тәрбиелуге назар аударылатын болады. Сонымен қатар білім саласының басшысы өңірлік компонентті жасауды тура айтты: «Павлодар облысы — біртұтас ағартушылар, ғалымдар, өнер адамдары шыққан жер. Бұл мәдени, тарихи естеліктердің бірегей орны, істің кең аясы. Біздің балалар өз өлкесінің тарихын білулері тиіс, себебі Отанға деген сүйіспеншілік шағын Отанын құрметтеуден басталады».
Спикер журналистер назарын облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілде оқытатын балабақшаларда балалар санын арттыру бойынша жүргізілетін жұмысқа назар аударды. Павлодар облысында ұлты қазақ балаларының басым бөлігі орыс тілінде оқытатын мекемелерде, балалар үйлерінде тәрбиеленуде. «Мен оларға: иә, әрине, бұл бәрінен оңай дер едім. Баламен тәрбиешілер айналыссын деп оны балабақшаға бере салады. Бірақ барлығын педагогтарға артуға болмайды. Сіз де олардың болашағы үшін жауаптысыз. Жақсы тәрбие, өз халқының рухани құндылықтарын құрметтеу — бұл өз балаларымызға қалдыра алатын ең асыл мұрамыз».

Тілеуберді Сахаба

(17)