Алғыспен арайланған ерекше күн

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз  еліміздегі «Алғыс айту күні» болып жарияланған мерекелі даталардың бірі. Биыл міне үшінші жыл қатарынан аталып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен қатар тойлануы да ұлттар достығының айқын бір көрінісі.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында  «Алғыс айту күніне» арналған бағдарламалық іс-шара өз сән-салтанатымен аталып өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Атырау облысының мәдениет басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып табылады.

Облыс әкімі  Н.Ноғаев – «Алғыс айту»  мейрамы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. Бұл күнді  «Алғыс айту күні» деп Қазақстан Республикасы Президенті кездейсоқ белгілеген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын». Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға  алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі» – деді  өңір басшысы.

Салтанатты іс-шарада сахна төрінде бір отбасы мүшелерінің татулық пен бірліктің аясында айрандай  ұйып, өмір сүріп жатқан отбасылық кейпін баяндайтын театрландырылған қойылым көрсетілді.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концертте облыстық филармония әншілері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

                                                                                           Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                                                      «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                                                                      баспасөз қызметі

 

 

(13)