mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сейсмология институтының жағдайы мүшкіл

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында сенатор Аңсар Мұсаханов: «2018 жылдың 11 қаңтарында Сенат депутаттары Сейсмология институтында болып, еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Сейсмология институтының қазіргі жабдықтары бүгінгі күн талаптарына сай келмейді, станция ғимараттарының жағдайы сын көтермейді. Қазіргі қолданыстағы 63 станцияны толыққанды қайта жабдықтап, республикамызда сейсмикалық қауіпсіздікті қадағалау мен кеңейту үшін жаңадан 52 станция мен 40 жер сілкінісі бекеттерін ашу қажет.

Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын ескере отырып, Астана қаласында сейсмикалық мәліметтерді жинау мен өңдеудің қосарлы орталығын құруды ұсынамын. Мұның зардапты жер сілкінісі болған жағдайда мемлекеттік атқарушы билік органдары Қазақстанның кез келген аумағынан тиісті ақпарат алып тұруына және залалдың зардабын жоюға, қауіпті аймақтардағы адамдарды тиісті көмек көрсетуді жедел ұйымдастыруына маңызы зор болмақ. Сейсмология институты құрамындағы сейсмологиялық бақылау станциялары мен  тәжірибелі әдістемелік-экспедиция ұйымдары орталық мемлекеттік органға ведомстволық бағынышты болу керек деп санаймыз. Жер сілкінісі қатеріне ұшырауға бейім аумақтардың сейсмикалық шағын аудандастыру картасын жасу үшін сейсмологиялық институты серіктестігінің жұмыстарын бюджеттік қаржыландыруды сұраймыз», —  деді.

(13)