mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жастарды баспанамен қамту — аса өзекті мәселе

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасына орай пікір білдірген Мәжіліс депутаты Азат Перуашев: «Елімізде жастарды баспанамен қамту — аса өзекті мәселе. Жыл сайын ауылдардан қалаларға кем дегенде 300 мың жас көшіп келеді, ал елдегі мемлекеттік бағдарлама бойынша тек 100 мың пәтер салынады. Сол себептен, қалаға келген жастардың үштен екісі баспанасыз жүреді. Олар тапқан ақшасын жалға алған пәтеріне жұмсайды.

Тіпті, жастар «пәтерді ипотекаға аламыз» деп те үміттенбейді. Қаншама университеттер мен білім беретін мекемелер өз студенттерін жатақханамен толық қамти алмай отыр. Бүгін жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне Президенттің өзі араласқандықтан, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады деген үміттемін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарау қажеттігін айтып, арнайы тапсырма берді. Мемлекет өзекті мәселеге назар аударды. Президент аталған мәселенің бұрыннан бар екенін айтты. Енді оны шешу үшін тиісті жұмыстар жасалуы қажет», — деді.

(17)