mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас уәзір Үкімет отырысында шенділерге нақты тапсырма берді

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» негізге ала отырып атқарылатын шараларды атап өтіп: «Бұл бастамалардың әрқайсысы халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелер. Қарапайым азаматтарға арналған арзан ипотека, табысы төмен жұмыскерлерге салынатын салықты азайту, жоғары білім саласында жыл сайын қосымша 20 мың грант бөлу, ең кемі 75 мың орындық студенттерге жатақхана салу, шағын және орта бизнеске неисе көлемін 20 млрд теңгеге арттыру, солтүстік өңірлерге газ тарту, мұның әрқайсысы халықтың әлеуметтік өміріне түбегейлі өзгерістер алып келетін аса маңызды жұмыстар.

Гүлденген мемлекет деген тиімді басқару мен қуатты экономика ғана емес, ол ең алдымен рухани кемел және әлеуметтік жағынан барынша қорғалған азаматтар. Елбасы былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бастап берсе, биыл әлеуметтік жаңғырудың ауқымды шараларын ұсынды. 5 әлеуметтік бастама Елбасының халқына жасаған ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Сондықтан, мен  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтің бастамасын жүзеге асыруға жауап беретін мемлекеттік органдарды анықтауға бір апта уақыт беремін. Елбасының әлеуметтік бастамалары барша қазақстандық үшін аса маңызды. Сондықтан біз оны іске асыруға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Мүдделі мемлекеттік органдарға Парламент қарауына енгізу үшін қажетті заңнамалық өзгерістерді наурыз айының соңына дейін әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмыс парламенттің жазғы сессиясы аясында аяқталуы тиіс. Парламент бізден бұл заң жобаларын күтіп отыр»,— деп бір тоқтады.

Одан әрі Бас уәзір: «Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдар және Ұлттық банкпен бірлесіп, бір апта ішінде президенттің бес әлеуметтік бастаманы іске асыру механизмдері мен мерзімдері, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, нақты жол картасын әзірлесін. Келесі Үкіметтің отырысында яғни 13 наурызда өз бағыттары бойынша жауапты азаматтарды тыңдайтын боламыз. Бірінші бастама — әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Бұл үшін Ұлттық банк арнайы ұйым құру арқылы жаңа ипотекалық 7-20-25 бағдарламасын дайындайтын болады. Оның негізгі шарты Елбасы атап көрсеткендей несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 пайыздан аспайтын болады, несие мерзімі 25 жылға дейін. Жаңа бағдарлама көптеген қазақстандық үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Жаңа ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын үй құрылысына және оған жақын салалардың жұмысына тың серпін береді. Сондықтан бұған отандық құрылыс материалдарын өндіруші компанияларды белсенді түрде тарту керек. Ипотекалық бағдарлама бойынша жауаптылар – Ұлттық банк, Үкімет тарапынан Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин. Екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшері 1 пайыз болып қамтамасыз етілсін.

Бұл жерде салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көтеруге бағытталуын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеп, осы жылдың 1 шілдесіне дейін нақты ұсыныстар енгізілсін. Жауапты – министр Сүлейменов. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын негізге ала отырып бірқатар мемлекеттік органдарға жоғары білім саласында жыл сайын қосымша 20 мың грант бөлу мен студенттерге ең кемі 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын. Білім және ғылым министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, өңір әкімдерімен бірлесіп, жаңа экономикалық сұранысқа ие мамандардың қажеттілігін талдау кезінде 2018-2021 оқу жылдарына арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі кадрларды дайындау мемлекеттік білім беру тапсырмасын бекіту туралы қаулы жобасын Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірлесін. Жоба гранттар санын 20 мыңға арттыруды, сондай-ақ техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша құнын ЖОО-дағы гранттар деңгейіне дейін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі Қаржы, Экономика министрлігімен бірлесе республикалық бюджетті нақтылау барысында аталған мәселелерді ескерсін. Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне өңір әкімдерімен бірлесіп ЖОО, колледждер және девелоперлік компаниялармен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жатақхана салу жұмыстарын пысықтап, 2021 жылдың соңына дейін ең кемі 75 мың қосымша орынды пайдалануға беруді қамтамасыз етсін. Бұл мәселеге жауапты — Сағадиев. Келесі  бесінші бастама  – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Бұл жобаны жүзеге асыру елордамызды әрі бірқатар өңірді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жоба – еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартады. Энергетика, қаржы, ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктеріне тиісті өңір әкімдіктеріне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, бір аптаның ішінде жұмыс тобын құруды және Қызылорда, Жезқазған, Теміртау, Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын қаржыландыру мәселесін, оның ішінде халықаралық қаржы институттарынан қажетті қаржыны тарту арқылы аталған мәселені пысықтауды тапсырамын.

Жауапты министр – Қанат Бозымбаев. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин, бұл мәселе Маминнің  бақылауында болады»», — дей келіп, сөз соңында Елбасы жүктеген жаңа міндеттерді орындауға Үкімет мүшелері бар күшін салу қажеттігін атап өтті. Алдымен ҚР Премьер-министрі Сөз соңында Бақытжан Сағынтаев Елбасы жүктеген жаңа міндеттерді орындауға Үкімет мүшелері бар күшін салуы қажеттігін атап өтті.

(12)