Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Атырау қаласындағы Достық үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аталмыш отырысқа этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, ҚХА кафедра мүшелері, ҚХА Жастар қанаты, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде: Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауын  насихаттау, Облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің жаңа  құрамын  бекіту, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім Кеңесінің жұмысын жандандыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

  • Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қоғамдық келісім Кеңесінің рөлі» – қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі Алтаева Дамен Биханқызы.
  • «Послание Президента – это формула промышленной революции» – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зубариев Зелимхан Асабалиевичтің  баяндамалары тыңдалды.

2017 жылғы Махамбет ауданының қоғамдық келісім Кеңесінің атқарған  жұмыстарының есебі туралы – Кеңес мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ Махамбет ауданы бойынша сарапшысы А.Құрманбаев мәлімет берді.

Сондай-ақ, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің 2018 жылда жоспарланған жұмыстары туралы  – облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасының орынбасары,  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  қайраткері, өлкетанушы Аманғали Әміржанұлы хабарлама  жасады.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамына өзгерістер енгізіліп, 70 адамнан тұратын Кеңес мүшелері бекітілді.

Кеңес отырысының соңында қатысушылардың пікір ұсыныстары ескеріліп, Қоғамдық келісім кабинеттерін ашу және аудандардағы кеңес отырыстарының конференция және дөңгелек үстел форматында жиі өткізілуі қолға алынатын болды.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

(16)