12 мыңнан аса қазақстандық талапкер SPTолимпиадасына қатысты

Еліміздің түкпір-түкпірінен 12 мыңнан аса мектеп бітірушілер бір мезгілде SPT -2018 зияткелрік  республикалық олимпиадаға қатысты.

Іс-шара Сулейман Демирел университетінің бастамасымен ұйымдастырылып, талапкерлерге байқау форматында 300 грант пен жеңілдіктер ұтысқа түсті. Айта кеткен жөн олимпиада Елбасының адами капиталды дамыту мен жаңғыртуға бағытталған халыққа жолдауына негізделген.

Үстіміздегі жылы олимпиада төртінші рет өткізіліп, жаңа ауқымды деңгейде республика аумағындағы ірі қалалар мен шалғай аудандарды қамтыды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес ақпан айының1-28 аралығында республика бойынша олимпиадаға қатысуға  12086 талапкер ұсыныс білдірген. Ең басым қызығушылық танытқан – 2782 алматылық  талапкерлер көш бастап тұрса, екінші орында – 1444 шымкенттік оқушылар,  үштіктің соңғы сатысынелордалық 875 талапкер құрады. Сонымен қоса қатысушылардың жалпы санының ішінен592 талапкер құжат рәсімдеуде түрлі қателік жіберіп, қабылданбады және 202 оқушы ұялы телефон мен жазба қағаз пайдаланғаны үшін емтиханнан шеттелді.

Олимпиада шарты бойынша қатысушылар бір мезгілде алты кластер бойынша:Физика-Математика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндерінен тестілеу емтиханын тапсырды.

Республика аймақтарында байқау тестілеу орталықтарында өткізілсе, Алматы талапкерлері үшін, іс-шара білім ордасының бас кампусында ұйымдастырылды. Айта кеткен жөн, талапкерлермен бірге шараға 400-ге жуық ата-ана қатысты. Олимпиада қатысушыларына арнайы Ашық есік күні өткізіліп, емтиханнан соң талапкерлерлер назарына  білім беру жүйесі бойынша кеңінен ақпарат беріліп, мамандық таңдау, факульттермен танысу, белді сарапшылардан кәсіби кеңес алу, университет кампусы бойынша қызықты квестке қатысу, шеберлік сағаттар мен шет тілдерін үйрену бойынша сынақ сабақтар және танымал вайнерлердің қатысуымен ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарлама ұсынылды.

Бір апта бойы оқу орны сарапшылары тестілеу нәтижелерін қорытындылап, ең үздік жеңімпаздарға 100% білім гранттары мен сертификаттар тағайындалады. Алайда СДУ ішкі грантына ие болған жеңімпаздар ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылмайды. Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкер небәрі  50 ұпай жинауы тиіс.

 

(15)