«Байзар» ойын-сауық орталығының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық туралы сауаттанды

3 наурыз күні Атырау қаласындағы «Байзар» ойын-сауық орталығы  қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемққорлық туралы түсіндірме-тренинг өтті.

Тренингке сауда орталығының 20 қызметкері қатысты. Тренинг спикері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілі Аманиязова Айдана Талғатқызы сыбайлас жемқорлық жайында жиналғандарға қарапайым тілмен, мысалдар келтіре отырып әңгмелеп берді. Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың ену индексі бойынша Қазақстан 31 ұпай жинап, 180 елдің арасында 122-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 2 ұпайға және 9 позицияға жақсарған көрінеді. Елімізде  сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Адамдарды осы бағытта сауаттандырудың көптеген әдістері қолданылуда. Соның бірі осындай тренингтер жер -жерде өткізілетін болады.  

Аталмыш тренинг барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңнаманың нормалары кеңірек ашылып,  қатысушыларға толық түсіндірілді. Қатысушылар тарабы өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын спикермен талқылап, тиісінше жауаптарын алды. Шара соңында спикер қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды және үйренгендерін өзгелерге де айта жүру насихатталды.

                                                                                                Светлана Муньянова

(87)