mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

    Елімізде шекарасы белгіленбеген 3200 елді мекен бар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев: «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заң жобасында шекаралық аймақтардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді реттеу мен елді мекендерде малға арналған жайылым мәселесін шешу нормалары қарастырылған.

Ұжымдық қолданыста болған жердің көбі ауыл щаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге жалға немесе жекеге берілген. Бүгінде 6 585 елді мекеннің маңайындағы 18 млн га жайлым қолданыста болғанымен, бұл жеткіліксіз. Бүгінде тағы да 27 млн га жер қажет болып отыр.

Себебі елді мекендерде әр үйде ұстайтын мал басы көбейіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін 3 200 елді мекен шекарасын белгілеп жатырмыз. Осы уақытқа дейін 6 500 елді мекеннің 3 200-інің шекарасы белгіленбеген. Белгілі координат бойынша елді мекендердің шекарасы болмаған соң, ол жерлер қолды болып кеткен. Жайылымдық жерлерді мемлекет мұқтажына жатқызып, оны алып қою туралы норма қарастырып жатырмыз.

2016 жылы қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы осындай тапсырма берді. Елді мекен маңайындағы жердің жалпы сапасын зерттеп, 33 млн га жайылымдық жерге геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,— деген ақпарлармен бөлісті.

(12)