Өміріміздегі 1 мен 0-дер

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап «бұл — адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді.

Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «ал бұл — жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 — тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса, адам 10 емес, енді 100 болады» деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: «зеректік…», «тәртіптілік…», «сүйіспеншілік…».
Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады.
Профессор былай дейді студенттеріне: «Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды».

(19)