Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.
Мұнай-газ өндіруші және сервистік компаниялардың тұрақты қызметтерінің нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі жыл басындағы 96,9%-дан 100,1%-ға дейін өсті (бұл республикадағы өндіріс көлемінің 10%-ы немесе өңірлер арасында 2 — көрсеткіш, өндірілген өнім көлемі 2,3 трлн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін артты.
2016 жылға қарағанда 17,6% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 3 мың бірлікке артып, 47 мыңға жетті.
2017 жылы Президент әкімшілігі тұңғыш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісін өткізді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 12-ші орыннан 2-ші орынға шықты.
Ауылшаруашылығы секторында 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша бірінші көрсеткіш.
Сондықтан ең маңызды міндет — өңдеу секторын дамыту. Осы бағытта 5 %-дан (2015 жыл) 8%-ға (2017 жыл) дейін өсім бар. Өсім химия өнеркәсібінде, минералды өнімдер, пластмасса және тоқыма өнімдері, тазартылған өнімдер, машина жасау және металлургия салаларында байқалады. Біз қол жеткізген бағаны төмендетпеуіміз керек. Индустрияландыру картасы аясында облыста 45 жоба жүзеге асырылып, 395 млрд. теңге инвестицияланды. 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Биыл 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ол 223 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Іске қосылған ірі жобалар
жетерлік

Транспорттық инфрақұрылымның дамуына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң серпін берді. Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында барлық ауыл сумен қамтылды.
Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2018 жылдың бірінші айында 47,0 мың бірлікті құрады, бұл — 2016 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға көп (44,16 мың бірлік).
Маңғыстау облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 2017 жылы 70,7 млрд. теңге жалпы сомасына жаңадан 419 тұрақты жұмыс орны құрылған 5 жоба пайдалануға берілді:
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан call орталық арқылы 60, зал ішінен 30 және электронды пошта мен бейне сұрақ арқылы барлығы 160-қа жуық сауал келіп түсті. Олардың қатарында жұмыспен қамту, ауылшаруашылығына арналған жер телімдерін бөлу, жер мен тұрғын үй кезегі, елді мекен арасындағы және ауыл ішіндегі жолдар және денсаулық салалары қамтылды.
Дәрібаева Райхан есімді тұрғын Мұнайлы ауданындағы 5 елді мекеннің (Маңғыстау 1,2,3,4,5) атауы жоқтығын көтерді.
Ералы Тоғжанов бұл мәселені осы заңның аясында халық пен Қоғамдық кеңес ұсынған атауларды қарастырып, онамастикалық комиссияға ұсынылатынын айтты.
Сондай-ақ Фарид Сейітұлы атты тұрғын «12 шағын ауданда «Мұнайшы» стадионы бар. Оған 11,12,13 және 14 шағын ауданның балалары секцияларға қатысады. Енді қазіргі таңда осы стадион сатылып, орнына бизнес орталық салынады деген сыбыс шығып жатыр. Жаңадан салынып жатқан спорт кешендері жоқ емес, бар. Бірақ көпшілігі қаланың шетінде. Оған қатынау қиын болып кетеді. Сондықтан осы сыбыстың шын не жалған екенін білгім келеді», — деді.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті спортшыларды қолдау шараларына басты назар аударылып жатқандығын айта келіп, стадионның сатылмайтындығын жеткізді:
«Біздің футболшылар басқа облыстарда ойнап жүр. Аймақтағы спорт саласын дамытқымыз келсе, бізге осы мәселелерді шешу керек. Сондықтан қазір кәсіпкерлермен келісіп, 80 млн. теңге қаржыға стадионның футбол алаңын жасау жұмыстары қолға алынады».

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

(38)