mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Қару экспорты екі есе ұлғайған

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі: «2017 жылы қорғаныс өнеркәсібі өнімінің көлемі 14 пайызға өсіп, 80 млрд теңгеге жетті»,— деп хабарлайды.

Мұнымен қоса, аталған тауар экспорты екі есе ұлғайып, 16 млрд теңгеге жетті. Ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов алдағы жылдары тоғыз қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнында технологиялық модернизация болатынын мәлімдеді. Бұл елдегі қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің төрттен бір бөлігін құрайды. Әрбір кәсіпорын бойынша жаңғыртудың жол картасы әзірленеді. Онда экспортқа шығарылатын өнім өндіріледі.

(11)