mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдаған  кезде нақ осsндай пікір айтты.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Мемлекет басшысына «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдаудың міндеттерін іске асыруға қатысты ақпарат берді. Нұрсұлтан Назарбаев инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін және бұл процеске «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушылардың креативті әлеуетін пайдалану керектігін айтса, Президент:

«Латын әліпбиіне көшу біздің халық үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды. Әйтсе де біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс. Бірақ бұл мәселеде азаматтардың құқығына нұқсан келмеуі керек. Олар үшін синхронды аударма мүмкіндігін қарастыру қажет»,— деді. Мемлекет басшысы латын графикасына кезеңмен өтудің маңыздылығын айта келіп, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесін егжей-тегжейлі зерттеуді тапсырды. Мұнымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне назар аударып, отандық телеарналардағы сериалдардың сапасын жақсарту керектігін ескертті. Сонымен қатар жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде масс-медианың рөлі маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндады. Оның басым бағыттарын түсіндіру шаралары туралы мәлімет берген министр: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы жұмыстарымызды жалғастырып жатырмыз. Бағдарлама аясында 120 бірлескен шара ұйымдастырылады. Оның 20-сы осы жылы орындалады», — деді. Сонымен қатар Абаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің базасында құрылған Astana Hub халықаралық технопаркінің жұмысы жөнінде де айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы оған бірқатар нақты тапсырма берді.

(39)