mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

                Отырыс қазақ тілінде өтуде, міне, қызық!

Кеше ғана ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде Парламент пен Үкімет отырысы қазақ тілінде өтуі тиіс екенін айтқан болатын.

Шенділерге жетпей тұрғаны сол ғана екен, өйткені, сейсенбідегі Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде латын әліпбиіне көшудің тарихи тұрғыда маңыздылығын атап өте келіп:

«Біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс, бірақ бұл мәселеде азаматтардың құқығына нұқсан келмеуі керек. Олар үшін синхронды аударма мүмкіндігін қарастыру қажет», —деген болатын. Сол-ақ екен, ендің, міне, Үкімет отырысында алғашқылардың бірі болып сөз алған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндамаларын тек қазақ тілінде жасап, елді арқа-жарқа етті. Бұл шара тек бастама күйінде ғана қалмаса игі, делік…

(37)