mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мұсылмандарды балағаттаған шенеунік жұмыстан қуылмақ

Азаттықтың тәжік қызметі: «Тәжікстанның президент жанындағы мемлекеттік қызмет агенттігі Рудаки ауданындағы Чоряккорон ауылындағы мешітке келушілерді балағаттаған шенеунік Шокир Холдоровты жұмыстан шығаруы мүмкін»,— деп хабарлайды.

Рудаки ауданының әкімдігі Холдоровты жұмыстан шығару туралы ұсынысын жіберген. Өткен жылдың қазан айында интернетте мешіт ауласына жиналғандарды Холдоровтың балағаттағаны көрсетілген видео тарады.

Шенеунік былапыт сөздер қолданған. Ауыл тұрғындары қоғамдық орында былапыт сөздер айтқаны үшін шағымданатынын ескерткен. Сол кезде Шокир Холдоров: «Арыздана беріңдер! Мен сендердің барлықтарыңды салафит деп жариялаймын»,— деп жауап берген. Шенеунік бұл сөздері үшін кешірім сұрағанын айтқан. Сол кезде оған 500 сомони (55 доллар) айыппұл салынған болатын

(9)