mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мемқызметкерлер жаппай шайтанарбаға отыруда 

Азаттықтың түрікмен қызметі: «Түрікменстанның мемлекеттік мекемелері биыл велосипед жарысына кемінде 3-6 адам жібереді.

Жарысқа дайындалу үшін мемлекеттік қызметкерлердің бәрі велосипед сатып алуы тиіс. Мекеме қызметкерлері жарысқа қатысатын әріптестеріне велосипед сатып алу үшін ортадан ақша шығарып жатыр.

Түрікменстанның өзінде екі доңғалақты арба шығаратын зауыт жоқ, біреуінің құны 3000-4000 манат (28000 теңге) тұрады»,— деп хабарлайды. Жұмыстан шығып қаламыз деп қорқатын мемлекеттік қызметкерлер сөзге келместен, ақша жинап жатыр. Сәуір айында өтетін веложарысқа мемлекет басшысының өзі қатыспақ. Мұндай шара алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылған. Содан бері оны жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

(8)