mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мейрамда киіз үй есігі жабылмасын!

Петропавловск.news сайты: «Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Наурыз мейрамын тойлаған кезде киіз үйлердің есігі кез келген адам үшін ашық болуы және мейрамның ашылу салтанатынан кейін киіз үйлерді жинап тастамай, үш күн бойы құрылып тұруы керек деген тапсырма берді.

Есігі жабық киіз үй ішінде қонақтарды тамақтандырып жатқан кезде «Оның ішінде кімге құрмет көрсетіліп жатыр?» деген сұрақтар мен бұрмаланған ойлар пайда болады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, көпбалалы аналар және тағы да басқа әлеуметтік топтарға құрмет көрсетілетіні белгілі, бірақ біз оларға мерекелік сайран құру кезінде де құрмет көрсетуімізге болады ғой. Биыл бұл мейрамды басқаша түрде тойласақ қайтеді?»,— деген ұсыныс жасады.

Әкім Наурыз мейрамы күні аудандағы делегацияның облыс орталығына келуі туралы тапсырманың күшін жоюды тапсырды. Ақсақаловтың ойынша, аудан әкімдері мейрам күні киіз үйлері мен мерекеге қажетті дүниелерін жиып Қызылжарға келудің орнына, аудан тұрғындарымен бірге болып, мейрамды солармен бірге атап өтуі керек. Қалада ешбір көше жабылмауы керек. Бізге мейрамды атап өту үшін Қазақстан Конституциясы көшесі жетеді. Сол жерде мерекені атап өту бәрімізге де ыңғайлы»,— деп, сөзін түйіндеді. Бұл өзі миға қонатын ұсыныс-ау…

(17)