2019 жылы Атырау облысы халқының 99,7%-ы табиғи газбен қамтылады

Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жиынында айтылды.

​Қазір Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы 10 елді мекенде ұзындығы 365 шақырым (Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ) магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр.  Бүгінгі күні оның 53 шақырымы салынды. Сонымен қатар осы елдімекендерде ұзындығы 67,6 км ауыл ішіндегі газқұбыры желісінің құрылысын бастау жоспарланды.  Құрылыс 2017 жылы басталды, 2019 жылы аяқталады. Қазір аймақтағы тағы 13 шағын елді мекенді газбен қамтудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары  жобалар дайындалып біткен соң биыл басталуы тиіс. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысы халқының 99,7%-ы газбен қамтамасыз етіледі.

Светлана Муньянова

(7)