Қажетсіз іс-шаралар өткізуді доғару керек

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордалық филиал өкілдерімен кездесуінде партияның қызметін жаңғырту және оны жүзеге асыру міндеттерін атап өтіп: «Біз «Нұр Отан» партиясын дебюрократизациялауымыз керек және оны нақты практикалық іс-шараларға жинақтауға тиіспіз. Мен орталық аппаратқа «егер әртүрлі бағыттағы іс-шараларды тек формальді түрде өткізетін болсақ, ендеше өткізбей қояйық» деймін. Ақша үнемдейміз, адамдарды түрткілемейміз, қазір олардың бәрі бос емес, бәрінің басында мәселелері бар. Ешқандай шара ұйымдастырмай-ақ қояйық, өткізетін шараларымызға қарағанда осының пайдасы көп. Партия тарапынан өткізілетін әр іс-шараның нақты мақсаты, нәтижесі болуы керек. Сондықтан егер біз іс-шаралар өткізетін болсақ, егер адамдарды жинайтын болсақ онда іс-шараның мақсаты, практикалық қайтарымы, нақты нәтижелері болуы тиіс. Жүз, мың шара деп санына емес, нәтижелі болуы үшін, адамдарға көмектесу үшін, олардың қандай да бір мәселелерін, сұрақтарын шешу үшін сапалы іс-шаралар өткізейік. Біз қазіргі қоғамда бар мәселелерді шешуге атсалысамыз десек, барлық күш-жігерді нақты практикалық жұмыстарға жұмылдыруымыз керек»,— деп қадап айтты.

Ермек Сахариев

(7)