Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен кеткен Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырған кезде белгілі болды. Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өткен  М.Әшімбаев: «Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға  зор үлес қосатыныңызға, партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтетініңізге бек сенемін», – деді. Тамара Дүйсенова бұрындары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған.

(24)