Сыбайлас жемқорлықтан Непал, Либериямен қатар тұрмыз

Transparency International сайты: «Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде өз позициясын жақсартып, 122-орынды иеленді. 016 жылдың рейтингі бойынша 131-орында тұрған. Зерттеу нәтижелерінде көрсетілгендей, индекс «үрей тудыратын» фактілерді анық көрсетеді. Авторлар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай әрекет етуге қарамастан, көптеген мемлекет осы күресте баяу жылжып келеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау қажеттілігі болғанымен, соңғы алты жылда көптеген мемлекет бір орыннан әрең жылжыса, ал кейбір мемлекет бір орыннан қозғалмаған. Индекс нәтижелерін талдау кезінде баспасөз және мемлекеттік емес ұйымдары әлсіз елдерде сыбайлас жемқорлық көрсеткіші өте жоғары болатындығы анықталған. Ол 180 мемлекет пен аумақтарды қамтылып, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша қабылданды. О – сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары қабылданған деңгейін көрсетсе, 100 балл – ең төменгі деңгейін көрсетеді. Биылғы индекс әлемдегі мемлекеттердің үштен екі бөлігі 50 балдан төмен алған, ал сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің сол кездегі орташа көрсеткіші 43 балды құраған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 31 балл жинап, 122-і орынды Әзірбайжан, Джибути, Либерия, Малави, Мали, Молдова және Непал мемлекеттерімен бөліскен. Рейтинг бойынша ең жоғары нәтижені 89, 88 балл жинаған Жаңа Зеландия мен Дания мемлекеттері көрсеткен. 14, 12, 9 балл жинаған Сирия, Оңтүстік Судан, Сомали сияқты мемлекеттер рейтінгтің төменгі жағынан орын алды. Мемлекеттері 66 балл жинаған Батыс Еуропа ең жақсы нәтиже көрсеткен аймаққа жатады. Орташа есеппен 32 балл жинаған Сахараның оңтүстік бөлігінде орналасқан Африка мемлекеттері мен орташа есеппен 34 балл жинаған Шығыс Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің де жағдайы мәз емес. Қазақстан 31 балл жинап, әлемдегі 180 мемлекеттің ішінде рейтингтегі 122-і орынды иеленді. Осылайша көрсеткішті 2 балға жақсартып, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 орын алға жылжыды»,— дейді.

Ермек Сахариев

(34)