Соңғы екі жылда елден шетке 190 млн. доллар шығарылған

Парламенттің Жоғарғы палатасында валюталық бақылау бойынша тыңдау өткізді. Сонда сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев: «  Соңғы екі жылда Қазақстаннан шетелге 190 млн доллар шығарылған. Не қайтқан ақша жоқ, не тауар жоқ. Мұндай схемалар ақшаны заңсыз жылыстату үшін қолданылуы мүмкін. Қазір Ұлттық банк оны күшейту үшін өзгерістер әзірлеп жатыр. Банктер арқылы аударылған ақша елге екі жылда қайтпаса, оны тексеру басталады. Өзгеріс қылмыстық жолмен тапқан ақшаны аударуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қабылданып жатыр. Шетелде 4 жыл бойы жатқан ақшалар бар. Тауар әлі келмеген. Ал келісімшартты 12 рет созған. Осындай күдікті қаржылай операциялардың жолын кесу үшін Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер және Кіріс комитеті схама ойлап табуы тиіс»,— деген ұсыныс айтты.

Ермек Назым

(10)