Санадағы сілкіністің мақсаты – озық жетістіктерге ұмтылыс

Соның ішінде, «Соқыр сенім 3: «атаманның» ақыры» журналистік зерттеу Атырау облысында еліміздегі алғашқы терракт ұйымдастырушысы Дамир Зналиев туралы, оның адасқан жолы мен өкініші баяндалып түсірілді. Зерттеу қазіргі таңда телеарналар мен интернет-ресурстар арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, ұлттық және қоғамдық келісім тақырыбын ашатын «Аманат» қысқаметражды фильмі жарыққа шықты. Фильм шын оқиғаға, яғни Мақат ауданындағы қазақ семьясы асырап алған шешен баласының өміріне негізделген. Фильмде баланың естеліктері арқылы, қазақ және шешен халықтарының тарихи және өмірлік байланыстары, өзара сыйластығы мен ризашылығы баяндалады. Фильм ағымдағы жылдың 25 қаңтарында «Қазақстан-Атырау» телеарнасы арқылы көпшілікке ұсынылып, интернет-ресурстар арқылы таратылуда.

Атырау қаласының әкімі С.Шапкенов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Атырау қаласында 2017 жылы іске асырылған жұмыстарға тоқталды. Бағдарламаның «100 жаңа есім» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, қоғамның және өлкеміздің дамуына үлес қосып жүрген 17 азаматтың кандидатуралары өңірлік жобалық кеңсеге ұсынылды. Оның ішінде Ерлан Асылбайұлы Күмісқалиевтың кандидатурасы Республикалық іріктеу кезеңінен өтіп Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарына енді.

Қала бойынша Ерлан Асылбайұлының жұмыстарын жастар арасында насихаттау бағытында мектеп оқушылары, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен сырласу, тәжірибесімен бөлісу мақсатында кездесулер өткізілуде. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірімізге сіңірген еңбегі үшін Атырау қаласының «Жыл адамы» марапатына ие болды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «мәдени даму» бағытты бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда: Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор, домбырашы Қаршыға Ахмедьяровқа (95 млн. теңге) және Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевке (98 млн. теңге) арналған сәулеттік мүсіндік композицияларын орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға (47 млн. теңге) арналған кіші сәулеттік нысан орнату үшін мүсіншілерден ұсыныстар жинақталуда.

«Атамекен» кіші бағдарламасының «Жомарт жүрек» бағыты бойынша 2 жоба жүзеге асырылды: Қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қонысбаев Аманжол Қадырғалиұлының демеушілігімен Тулпар ы/а орналасқан  №71, №72 үй және Нурсая ы/а орналасқан №80, №81 үй алаңдарына жалпы құны 3,6 млн. теңгені құрайтын 2 балалар ойын алаңы салынды.

Сонымен қатар жергілікті «Атырауинжстрой» ЖШС-нің демеушілігімен Қ.Сәтбаев көшесі №50 үйдің маңына жалпы құны 49 млн. теңгені құрайтын балалар ойын және спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді.

«Атырау балықшылары туралы деректі фильм» жобасы жасалуда. Ескірген және ұмыт қалған күйлерді жаңғырту мақсатында 3 тілде анықтамалығы бар, 1000 дана аудиотаспа шығарылады. Демеушілер көмегімен қаламызға қарасты 4 ауылдық округте 200 орындық типтік модельдегі концерт залымен жабдықталған мәдениет үйлерінің құрылыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, демеушілер есебінен Тұрғындар қалашығындағы саябақта Ұлттық спорт алаңын ашу (асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату, ләңгі тебу, көкбар, күштесу, арқан тарту) жоспарланып отыр. Қайырымдылық шаралары бойынша 2017 жылың ІІ жартыжылдығында Атырау қаласында азаматтардың мұқтаж жандарға көрсеткен көмек қаражаттарының көлемі 12 693 000 теңгені құраған. Қайырымдылық көмек аясында аз қамтылған және мұқтаж 4000-ға жуық адам қамтылған. Азық-түлік, киім-кешектен бастап, үй-жайларының жөндеу жұмыстарына дейін көмек көрсетліген.

Жылыой ауданының әкімі А.Құттымұратұлы өз баяндамасында ауданда рухани бағытта жүргізілген жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Жылыой ауданында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» бағыты аясында «Жергілікті бастамалар картасы», «Жомарт жүрек» сынды жобалар қарастырылған. Құлсары қаласында демеушілік көмекпен 165 орындық «Анашым» бала бақшасы және Шоқпартоғай ауылындағы «Ырыс» спорт кешені салынды. Құлсары қаласы орталығындағы «Нұрсая» саябағы да демеушілік көмекпен салынып, Астана күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Мақалада айтылған ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатына сәйкес, Ер Қосайдың туғанына 510 жыл толуына орай орталық алаңда 2 күнге созылған мәдени көпшілік шара өткізілді. «Ұлттық мәдениет» жобасы аясында – «ПАНА-Б» қайырымдылық-қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен 15-19  қараша аралығында  Құлсары қаласында қазақ халқының салт-дәстүрі мен көне жәдігерлерді жаңғырту мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандардың және қолөнер шеберлерінің дәстүрлі туындыларынан «Керуен» атты жәрмеңкесі өткізілді. «Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында аудандағы киелі жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылды.

Ел тарихы рухани жаңғыру тұғырнамасы бағытымен, «Тегі» немесе ата-бабаға деген құрмет көрсету құндылықтарын түсіндіру бағытында 27 қазан күні Құлсары қаласында «Бопай ханымның өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында конференция өтті. Конференция жұмысына Атырау қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан ғалымдар, өлкетанушылар, ақын-жазушылар, жұртшылық өкілдері қатысты.

«Туған жер» бағдарламасына орай ауданда ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Сайраған қызыл тілім бар» атты аймақтық ақындар айтысы өткізілді.

Бұдан басқа Жылыой туралы шыққан әндерді жаңғырту, оларды ұрпақтар санасында сақтау мақсатында дәстүрлі әншілердің аймақтық байқауы өткізілді. Халқымыздың дәстүрлі әндерін жаңғыртып, оның өміршеңдігін арттыруда Батыс аймақ облыстарының дәстүрлі әншілері қатысты.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық жобаға ауданнан 10 жоба ұсынылып бекітілді, оның ішінде үш ауылдық округтеріндегі (Қара Арна, Жаңа Қаратон, Ақкиізтоғай) дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, халықтың игілігіне берілді. «Ақмешіт» тарихи-мәдени орынын жаңғырту және «Ақмешіт кешеніне жол салу», Құлсары қаласының айналма жолына «Жылыой ауданының үш батыры Төремұрат, Нарынбай, Өтен батырларға ескерткіш орнату», үш ауылдық округке (Майкөмген, Жем, Қосшағыл) дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу және Құлсары қаласындағы 290 орындық 2 бала бақша және Майкөмген ауылдық округіне 100 орындық бала бақша құрылысының жобалары 2018-2022 жылдары жасалады.

2017 жылы аталған бағытта 87 мәдени көпшілік шаралар өткізілді. Әсіресе жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы тарихи – мәдени  орындарға экскурссиялар,  шығармашылық байқаулар, кездесулер кеңінен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Сокралды Қазақстан тұжырымдамасы» бойынша ауданда Құлшан ата, Ақмешіт кесенесі, Арал төбе қорымы, «Ұшқан ата қорымы» және «Киелі жерлер» географиясына сәйкес Иманқара тауындағы үңгірлер мен Ақкегершін тауы бағыттарына экскурссия жасау осы жылға жоспарланды.  Ауданда туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлініп түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспары жасақталған болатын. Аудан бойынша 8 тарихи орын бар.

Сонымен қатар, ауданда туып өскен, бүгінде республикамыздың түпкір-түпкірінде және жақын-алыс шетелдерде беделді абыроймен еңбек етіп жүрген аудан азаматтарын «Жерлестер» форумына шақырып, ауданның мәдени әлеуметтік шараларына ат салысып, араласуы ұйымдастырылмақ.

                                                                                    Светлана Муньянова

(40)