Несиесіз өмір сүруге тырысу керек

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев онлайн-конференцияда: «Біз барлық әлеуметтік топқа қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру тұрғысынан қараймыз. Кез келген адам қаржылық қызмет түрлерін дұрыс пайдалана білуі керек. Мүмкін болашақта бұл ақпаратты әртараптандыру керек шығар. Зейнеткерлер әлеуметтік белсенді азаматтар болып қала береді. Ал, салым мәселесіне келсек,ақшаларыңызды банкте сақтаңыздар. Бұл қауіпсіз әрі қолдағы ақшадай жұмсалып кетпейді. 10 млн. теңгеге дейінгі депозит сомасы депозиттерді кепілдендіру Қорымен кепілдендірілген. Ұлттық банктің лицензиясы жоқ компанияларға сеніп қалмаңыздар, олар пирамида болып табылатындықтан, әртүрлі бағдарламалар арқылы азаматтардың қалтасын қағуды көздейді. Сондай-ақ, сенімге кіргісі келетін бөтен адамдарға сенбеңіздер. Егер мүмкіндік болса, несие алмауға тырысыңыз. Несиесіз өмір сүру жолдарын қарастырыңыз»,— деп ақыл айтып, көсемсіді. Сонда несие алмай күнкөру мүмкін болмаған азаматтар не істеуі керек? Бірақ, бұл сауалға қаржыгер тоқталып жатпады, өйткеін, айтар ештеңесі жоқ қой.

Ермек Назым

(61)