Зейнетақы жинақтарын ерте шешуге болады

Қазақстандықтар қашаннан бастап зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп ала алатындарын айтқан Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында: «Бұл мәселе азаматтардың зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша қаржы реттеушісінің ұсыныстары шеңберінде үкімет пен бизнес қауымдастық тарапынан талқыланып жатыр. айтты. Бұл мүмкіндікке зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған, зейнетақы қорына еңбекке жарамсыз жаста тұрақты түрде табыспен қамтамасыз ете алатын жеткілікті сома жинаған салымшылар ие болуы мүмкін деп болжануда. Алдың ала есептеулерге сәйкес, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттары арқылы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндігі бар 4000-ға жуық салымшы бар»,— деген деректермен бөлісті.

Ермек Назым

(20)