Алматылық 26 оқушы «өлім тобында» болған

inalmaty.kz сайты: «Алматы мектептерінің 26 оқушысы әлеуметтік желілердегі суицидтік топтарда болған»,— деп хабарласа, Білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупик: «Қалалық басқарма өкілдері әлеуметтік желілердегі қауіпті топтарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізіп отырады. Егер мұндай топ тауып алсақ, қатысушыларды анықтауға тырысамыз. Сосын топтың сілтемесін прокуратураға және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолдаймыз. Сосын олар осы топты бұғаттап тастайды. Өткен жылы мамандар осындай алты топты анықтады. Онда алматылық 600 оқушы болған. Біз олардың кім екенін білу үшін оқушылардың анкеталарын қала мектептеріне жібердік. Сосын 26 оқушының Алматыда оқитыны белгілі болды. Олардың ата-анасы балалары бұл топтарға байқаусызда кіргенін айтып ақталды»,— дейді. Аталған оқушылармен қазір психологтар жұмыс істеп жатқан көрінеді.

 

(52)