mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мешіт пен шіркеу шуынан шаршаған жұрт араша сұрады

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев: «Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейіп, біразы қаңырап бос тұр. Не имамы жоқ, не адам көп бармайтын бұл ғимараттарды қожайындары саудаға қойған көрінеді»,— деп мәлімдеді. Кей мешіттер тіпті жамағат санына сәйкес келмейді екен.

Оның үстіне, халық көп жүретін көшенің бойына салынған мешіттер мен шіркеулердің кейбірінде көлік қоятын орындары болмайды. Сондай-ақ, дауысы қатты шығып, қоңыраулары айналадағы тұрғындардың мазасын алатын көрінеді. Осыны бұлдап министрлікке шағымданатындар көбейген.

Сондықтан, ғибадатханалардың, әсіресе мешіттердің құрылысын тәртіпке келтіретін уақыт жеткенін айтқан министр: «Бүгінде елімізде 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханалар салуға рұқсат беретін айқын стандарттар болуы қажет. Соның ішінде, жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілі ережелерін енгізу керек», — дейді.

(19)