mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  Жасөспірімдер арасында суицид ушығып тұр

Жасөспірімдер арасында суицидтің белең алғанына алаңдап, осы мәселе туралы Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауалын жолдаған  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов: «Өкінішке қарай, 2018 жыл басталғаннан өзін-өзі өлтіру оқиғалары тізбектеліп кетті. Теміртауда өзін мойынорағышпен буындырған он жасар қыз қайтыс болды.

Қарағандыдағы №23 орта мектебінде 7-сыныпта оқыған қыз болжам бойынша желілік ойындарға елігіп суицидке барған. Ата-аналары мен мұғалімдерінің айтуынша, екі қыз да өте жарқын мінезді, мектепте жақсы оқыған, біреуі спортпен айналысқан. 10 ақпанда Шымкентте 16 жастағы жасөспірім асылып өлді. Әпкесі қайғылы жағдайға душар болатын күні сіңлісінің жоғары сынып оқушылары үшін ақша сұрағанын айтады. Мұндай оқиғаларды тергеу жұмыстарымен құқық қорғау органдары айналысса да, бұл проблема заңнамалық тұрғыда ғана емес, одан да тереңірек.

Біз кәмелетке толмағандар арасында суицид жасаудан көш басындағы елдердің біріміз және мектеп жасындағы және білім алатын жастар арасында 100 балаға шаққанда аяқталған суицид деңгейі 5 оқиғаға тең. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен суицидтің алдын алу және сауықтыру бойынша мемлекеттік жобасы ұсынылды. Бағдарлама ақпараттық, оқыту және қауіпті топтарды анықтап, оларды сақтандыру секілді кезеңдерден тұрады. Бұл жүйе 2015 жылы пилоттық тәртіпте Қызылорда облысында жүргізіліп, оң нәтиже көрсетті. 2016 жылдан бастап 2017 жылы еліміздің барлық өңірінде суицидтен сақтандыру жобасы кезең-кезеңімен іске қосылуы тиіс болды.

Кәмелетке толмағандар арасында суицидке бару проблемасын мемлекеттік деңгейде жедел шешу үшін Ерболат Досаевтан министрліктерге, ведомстволарға, жергілікті атқару органдарына: «Облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне жоғарыда көрсетілген хаттаманы орындау бойынша шаралар қабылдауға; білім беру және денсаулық сақтау өкілдерінің ведомствоаралық әрекеттері бойынша жергілікті атқарушы органдар үйлестірушісін белгілеу және көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, станционарларда соматикалық бағытта емдеу; алайда мұндай оқиғалар көбінесе есепке алынбайды да жасөспірімдер ауруханаға жатқызылмайды; мемлекеттік формада қолдап, кәмелетке толмағандар арасында қиын жағдайға тап болғандарға арнайы әлеуметтік көмектер көрсетіп, сенім телефондары арқылы қоғамды ақпараттандыруды қамтамасыз ету»,— сынды  шараларды қолға алуға тапсырма беруді сұрады.

                                

(43)