mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Б. Байбек базарға неге барады?

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу барысында ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Алматылықтар коммуналдық қызмет ақысының өсіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, әкімге арызданды. Бұған әкім:  «Біз нан бағасын арзандаттық. Бірақ халық сапасына риза емес. Мен де базарға шығып, керегімді аламын.

Түсінемін, әр тиын қымбат. Біз адамдардың немен өмір сүретінін өз көзімізбен көріп барып қана көмек көрсете аламыз. Рас, Алматы барлық жағынан қымбат қала. Адамдар бізге өзге қаладан келушілер көп екенін айтып шағымданады.  Осыған орай мен монополистерге оларды тексеру керек деген ұсыныс айтамын. Коммуналдық мәселелерге келсек, бұл өте қиын іс.

Себебі, бір жағынан тұрғындар қымбатшылыққа арызданса, екінші жағынан бұл қызметті ұсынатындар қалалық басқарманы қиын жағдайға қалдырып отыр. Мәселен, Алматыда соңғы 5 жыл ішінде жылу берушілер тарифті көтеру жөнінде монополияға қарсы комитетке 8 рет өтінім берді. Біз соның тек үшеуіне ғана рұқсат бердік. Ал арадағы айырмашылықты әкімдік субсидиялады. 2015 жылдан бастап тарифті ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңгеден астам, ал желілерді модернизацилауға 100 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның үстіне, менің айтып өткенімдей, инженерлік желілердің тозуы — 63 пайыз, бұл алаңдарлық көрсеткіш.

Бұлардан өзге, Алматы мен Алматы облысы тұрғындары үшін газдың бес жылдық тарифі мәселесі де қаралды. Қала бұл шешімді қабылдамады, себебі алматылықтар үшін тариф 16 пайызға өсетін еді. Біз бұған жол бермедік. 1,5 мың адам біз ұстап тұрған баға бойынша коммуналдық қызмет алуда. Бұл тұрғындардың 80 пайызы. Егер әкімдік бұл субсидияны бермегенде үш жыл бойына тұтынушылар жылуды 35 пайызға көп төлейтін еді. Рас, нарық кезінде барлық шығындар тариф арқылы тұтынушылардың иығына түседі. Мысалы, бір бөлмелі пәтерде жылу ақысы 7 мыңның орнына 2,5 мыңға көп болатын еді, ал 3 бөлме тұрғындары 12 мыңның орнына 4,5 есе көп төлейтін еді.

Ал суға 2,5 артық төленуі тиіс болатын. Бұлардан өзге, үйлердің 40 пайызында жалпы үй қондырғысы жоқ, мұндай үй тұрғындары өзгелерге қарағанда 36 пайызға көп төлейді. Коммуналдық төлемі жеке кірісінен 10 пайызға жоғары болатындарға жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Ол үшін ХҚКО 4 құжат тапсыру қажет, олар: жеке куәлік, мекенжай анықтамасы, коммуналдық қызмет туралы есеп-квитанция және жұмыс орнынан анықтама. Жалпы, қала 4 әлеуметтік маңызы бар өнімнің 43 түріне бағаны ұстап тұру шарасын жүйелі жүргізіп келеді»,— деген уәжді алға тартып, одан әрі:  «Біз әлеуметтік салаға 143 млрд. теңге жұмсаймыз, бұл жергілікті бюджет шығынының тең жартысынан көп.

Бүгінгі күні түрлі бағыттар бойынша елеулі әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Қаланың бюджеттік ұйымдарында 75 мыңнан астам педагог, медик, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері жұмыс істейді. Бірінші орында білім саласы, бұлардың шығыны 93 млрд. теңгеден астам. 442 білім мекемесі толық мемлекет есебінде, бұларда 350 мың бала мен жасөспірім бар. 27 мыңнан астам жастар колледждерде тегін білім алуда. Тұрмысы төмен отбасылардың 13,5 мың баласы үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған. Елбасының тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап бюджет есебінен 50 мың баланың бала бақша ақысы 2 есе төмендеді. 30 мыңға жуық бала музыка мектептерінде, секцияларда, оқушылар үйлерінде қосымша дәріс алады.Спорт-мектептерінде 13,4 мың бала тегін оқуда. «Менің ауламдағы спорт» жобасы бойынша бюджет есебінен аталған жобаға тартылған аула қатары 2 есе артты. Жобаға 7-ден 17 жасқа дейінгі 18 мың баланы қамту жоспарланған. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап әр ауданда тегін мұзайдындары ашылды, бұларда 70 мыңнан астам адам болды. Қаланың барлық тұрғыны тегін кепілдемелі медициналық көмекпен қамтылған. Бұл — мемлекеттің 30 млрд. теңге қаржысы. 79 медмекемеде 23 мың адам жұмыс істейді, жыл ішінде 10 млн теңгеден астам медқызмет көрсетілген. 90 мың азаматқа атаулы әлеуметтік қолдау көрсетілді, бұл 9 млрд теңге, тұрмысы төмен зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыздарға әлеуметтік көмектің 43 түрі көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі 3 мыңнан астам адам мен 4 мың зейнеткер санаториялық–курорттық емдеуден өтті. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам коммуналдық қызметке қатысты қаржылай көмек алады. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді баспана салу жалғасуда.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша өткен жылы ақшаны пайызсыз 15 жылға дейін төлеп тұратын барлығы 5 885 отбасы баспаналы болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе артық. Кезекте тұрған әрбір үшінші жан пәтер алды. Сөздің тоқ етері: Алматы бюджеті әлеуметтік бағытта болды және солай болып қала береді», – дей келіп: «Тұрғындар тарапынан компенсациялар, субсидиялар бөлініп жатыр, олардың 30 пайызына автобус парктері жаңартылды. Алматылықтардың өтінішімен 24 маршрут алмастырылды, 10 маршрут жаңартылды. Бірақ жеке тасымалдаушылар қызмет көрсету сапасын жақсартпаса да, жолақы тарифін 150 теңгеге дейін көтеруді талап етіп отыр.

Олар өздерін жолақысы 100 теңге болып тұрған Қостанаймен салыстыруда. Алматы қаласында тариф 2012 жылы ғана 80 теңгеге көтерілді. Сол кезде бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы жолақысы еді. 20 жыл ішінде автобус парктері ақшаны «күректеп» жинады. Субсидия мен өзге де көмектер алып отырды. Бұл ақшалар қайда кетті? Кейбіреуі қоқаң-лоқы көрсетіп жатыр. Мұндайларға қатысты қатаң шаралар қолданатын боламыз. Қысқасы, Алматы қаласында автобус пен троллейбус жолақысы көтерілмейді»,— деп, халықты бір қуантып тастады.

(42)