mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Базбіреулердің «уысында» кететін «майшелпек» емеспіз!

Қазақстан Сыртқы
саясатта қандай бағыт ұстануымыз керек?

Бұл сауалға елдің өткен-кеткен тарихына аз-маз саяхат жасамай, бірден жауап беру қиындау, әрине. Орталық Азияда орналасқан Қазақстан жағрафиясы жөнінен солтүстігінде Ресей, шығысында Қытай сынды қос алпауыт мемлекеттердің ортасында тіршілік етіп отыр. Ал Орта Азия қашанда да Ресей, Қытай сынды ұлы державалардың геосаясатының өтінде тұрған бірден-бір аймақ екені белгілі. Сондықтан аталған өңірде жүріп жатқан интеграциялық үдерістерде Қазақстанның алатын өз орны бар. Еліміздің сыртқы саясатында іргеміздегі Ресей мен Қытайдың алатын орны ерекше болса, оған соңғы кездері Орталық Азия өңірін өзінің елдік мүддесі тұрғысынан «уысында» ұстауды мақсат тұтқан АҚШ-тың келіп қосылуы аймақтық қауіпсіздік мәселесін одан әрмен күрделендіре түсті. Рас, «үйреніскен жау атыспаққа жақсы» дегендей, Ресей мен Қытай әлімсақтан бергі сыралғы көршілеріміз.

Екеуінің де мақсаты — жерінің асты-үсті табиғи байлыққа толы Қазақстандай «майлы шелпектен» шама келгенше молынан қарпып жеп қалу. Мәселен, орыс саясаттанушыларының ішінде: «Кремльдің стратегиялық мақсаты — Ресей мемлекеті аясында Белорусь пен Қазақстанды, кейінірек Украинаны қосып алып, оларды біртұтас мемлекетке біріктіру» немесе «Ресейдің басты міндеті — өзінің Орталық Азиядағы ықпалын сақтап қалу, әсіресе, Қазақстанда. Ресейді Қытайдың (әсіресе ШЫҰ арқылы) бұл өңірден ығыстырып шығаруға ұмтылысына тосқауыл қою қажет. Соның ішінде Қазақстаннан Ресей территориясын айналып өтетін бірде-бір газ құбырын салуға жол бермеу керек.

Ол Шығысқа (Қытайға) иә батысқа (Баку-Тбилиси-Жейхун маршруты бойынша) бағыт ұстана ма, бәрібір. Олай болып жатса, бұл Ресейді оған өмірлік қажеттілігі зор Түркіменстан мен Өзбекстан газынан ажыратып тынады», — деуге келіп саятын ойлар айтатындары аз емес. Тарихты бұрмалап, қазақ жерін «орысқа теліген» жазушы А.Солженыцин мен ЛДРП көсемі, өзі Қазақстанда туып-өсе тұра, «ішкен құдығына түкірген» В.Жириновскийдің «сандырақтарының» өзі неге тұрады?

(19)