Ауылдар Астанаға “жақындай” түспек

Өткен аптада Астанадағы «Қазмедия» орталығында, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтің қатысуымен министрлік кеңейтілген алқа отырысын өткізген болатын. Бұл жиынға Премьер-министрдің орынбасары, ҚР Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Премьер-министрдің канцеляриясы, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ басшылары, ведомствалық ұйымдар қатысты.
2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылғы жоспарлар бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ведомствалық ұйымдары мен министрліктің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері баяндама жасады. Өз сөзінде Дәурен Абаев 2017 жылы жоспарланған ақпарат, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша жұмыстар толық атқарылғанын атап өтті. Министр 2018 жылы жүзеге асуы тиіс жоспарлар туралы айтты. Сондай-ақ, негізгі бағыттарды айқындап, нақты жоспарлардың орындалуын қадағалау бойынша ведомствалық ұйымдарға тапсырма берді. «Президенттің осы жылғы Жолдауы министрліктер үшін ерекше маңызға ие. Өйткені оның негізгі бөлігі цифрландыруға арналған. Президент барлық саланы цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қаржы секторы, білім мен денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару салалары бар», — деді Даурен Абаев.
Биылғы жылғы жоспарлардың арасында: Интернет пайдаланушылардың санын 78% -ға жеткізу; ІТ қызметіндегі жергілікті мазмұн санын 26% жеткізу; Технопарк, инкубатор және акселераторлармен қолданатын стартап компаниялар көлемін екі жүзге жеткізу тежеленген. Сондай-ақ, кем дегенде 33 стартап «Astana Hub» технопаркі арқылы өтуі тиіс. Осы жоспарлардың қатарында ауылдағы ағайындардың өмірінде де жағымды жаңалықтар орын алмақ. «ҚР ауылдық аймақтарында талшықты-оптикалық байланы жүйелерінің құрылысы» жобасын қолға алды. Жоба бойынша 2020 жылы 1 249 елді мекенді қамтитын болады, — деді Дәурен Абаев. Министрдің айтуынша қазіргі таңда радио хабарларын тарату жағында да атқарылатын жұмыстар бар көрінеді. Шекаралық аймақтарға орналасқан елді мекендерде, радио байланысының нашарлығы себепті 2 миллионға жуық адам «Қазақ радиосын», 5 миллионға таяу адам «Шалқар радиосын» тыңдай алмайды екен. Осыған орай биылғы жыл Алматы, ОҚО, ШҚО қатарлы аAймақтардың 300 мың тұрғыны бар шекаралық аудандарына орналасқан 12 елді мекенге радио желісін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, «ҚР ауылдық аймақтарында талшықты-оптикалық байланыс жүйелерінің құрылысы» жобасын қолға алды. Жоба бойынша 2020 жылы 1 249 елді мекен қамтылады, — деді Дәурен Абаев. Осылайша биылғы жылы қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолында талай жұмыстар атқарылатын болмақ. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның орталықпен байланысын күшейтіп, шаруашылықтың айтарлықтай дамуына да септігін тигізері сөзсіз.
Ерқазы Сейтқали

(13)