mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  Қ.Бишімбаев кінәсін мойындамады

Бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот отырысында өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын және пара алғанын жоққа шығарды. Атышулы істі қарау жалғасып жатыр. Қазір жарыссөз кезеңі өтуде.

Экс-министр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына қатысты эпизод бойынша 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға қатысты өзін ақтайтын деректер келтірген ол: «Айыптаушылардың  «Пара алды» дегеніне ешбір дәлел жоқ. Бұл айыптаудың дәл маған қарсы жасалғанын баса айтқым келеді. Айыптаулар Исабектің, Айталиевтің, Бекжановтың куәлігіне негізделген. Тергеу барысында менен де, жұбайымнан да, тіпті айналамдағы өзге адамдардан да мұнша ақша табылмады»,— деді. Күні кеше прокурорлар Бишімбаевқа 12 жыл жаза сұраған еді. Бұған қатысты пікір білдірген айыпталушы: «Мұнымен еш келіспеймін. Ұстанымым белгілі, жасамаған қылмысты жасадым деп айта алмаймын. Сот барысында келтірілген айғақтар қылмысқа менің қатысымның бар екеніне дәлел бола алмайды. Кінәні мойындаған жақсы. Алайда, бұл өзге біреуге жала жабуға жол беру керек деген сөз емес»,— деп, өзге сотталушылардың қылмысын мойындауына қатысты жайтты де айтып өтті. Еске салсақ, экс-шенді мен тағы 22 фигурантқа қатысты іс төрт айдан бері сотта қаралып жатыр. Бишімбаевқа «Пара алу», «Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу» баптарымен айып тағылған.

(15)