mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бүкіл әлем асық ойнауға көшеді

«Қазақ Туризм» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Рашид  Күзембаев: «Алдағы уақытта «асық ату» ұлттық ойыны  Германияда, Қытайда, Гоконгта, Оңтүстік Кореяда, Польшада және басқа да шетелдерде таныстаратын болады. Осылайша бүкіл әлем асық ойнауға көшетін болады»,— деп мәлімдесе, «Асық ату» ойыны бойынша еліміздің үш дүркін чемпионы, 68 жастағы қостанайлық зейнеткер Серікбай Жиеналин: «Алда тағы талай сайыстарға қатыспақ ниеттемін. Ауыл аралап, асық жинаймын, қазір менің қоржынымда 100 асық бар.

Сақалардың көбісін жарыстарға барғанда жастарға үлестіріп жіберемін. 6 метр қашықтықтан радиусы 2-2,5 метрлік шеңбердегі сақаға кішкентай асықпен дәл тигізу өте қиын. Сол себептен соңғы кездері көбісі арқардың сақасымен ойнап жүр. Жасыратыны жоқ 5 мың теңге тұрады біреуі. Сондай-ақ, тауешкінің асығы да жоғары сұранысқа ие. Біреуінің құны 5 мың теңге. Ал мына асықтарды 100 теңгеден сатып аламыз»,— дейді. Асық ату» федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов: «Қазір елдің 8 облысында «Асық ату» федерациясының филиалы жұмыс істейді. 400-ден аса бапкер  асық ойнаудың түрлі нұсқасын үйретіп жүр. Республикада 10 мыңнан аса адам асық ойнайды. Биыл федерация 10-ы рет «Алтын сақа» турнирін ұйымдастырды. Бұл сайысқа ТМД елдерінің ойыншылары жыл сайын үзбей қатысып жүр»,— деген деректерді алға тартты.

(18)