mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тәжікстан:  Мектеп директоры қызметінен неге кетті?

centralasian.org басылымы: «Хатлон облысы Абдурахмон Жами ауданындағы мектеп директорының бірі былтыр бірде-бір түлегі жоғары оқу орнына түсе алмағандықтан, ұят санап, жұмыстан шықты»,— деп хабарлайды.

№ 59 мектептің бұрынғы директоры Эргаш Абдулхайитов: «. Түлектерімнің ішінде 11 оқу озаты болды. Бірақ олардың ешбірі жоғары оқу орнына тапсырмай, Ресейге ақша табуға кетті. Мен сол оқушыларым үшін ұялып, осы үшін қызметімнен кеттім»,— десе, аудандық халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі Туйчи Махмадёрова:

«Осыдан бірер күн бұрын 5 бірдей мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Себебі, ол мектептердің оқушыларының сабақ үлгерімі төмен. Ал көрші Кубадиян ауданында 8 мектептің директорына соңғы ескерту берілді»,— деп мәлімдеді. Таяуда мектеп директорларына бақылау күшейтілетінін жеткізген Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саид: «Егер директор 5 жыл ішінде жақсы нәтиже көрсетсе, біз оларды үлгерімі төмен мектептерге ауыстырамыз. Егер оқушылары жоғары оқу орнына түспесе, олимпиадада орын алмаса, онда ол мектептің директоры жұмыстан кетеді», — деп бір-ақ кесті.

(12)