Мұрағаттан табылған Қажымұқанның видеосы елді таңғалдыруда (Видео)

Ғаламторда Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикимен өткізген жекпе-жегі пайда болды. Онда қазақ балуанының қарсыласын түрлі әдіске салып, жеңгенін оңай аңғаруға болады.

Ел ішінде бұл бейнематериал туралы түрлі нұсқадағы мәліметтер бар болып шықты. Кейбір дереккөздерде жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен деп келтірілсе, енді бірінде 1905 жылы болғаны айтылады. Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-житсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды.

Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып, жұлып алады, дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.

Дереккөз: http://alashaqparat.kz/

(72)