mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

   Мюнхен конференциясында не талқыланды?

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты. 16-18 ақпанда өткен форумға әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып, халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін талқылады. Жекелеген сессиялар Еуропа Одағының Ресей және АҚШ-пен өзара іс-қимылына, Таяу Шығыс пен Корей түбегіндегі шиеленістерді реттеуге арналды.

Киберқауіпсіздік, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, Арктикадағы жағдай жөнінде тақырыптық дөңгелек үстелдер болды. Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттердің төрағалары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ықпалды қоғам қайраткерлері мен талдау орталықтарының өкілдері сөз сөйледі. Шараға барлығы 500-ден астам адам қатысты. Тоқаев форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Оның БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры Эрик Солхейммен кездесуінде Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тоқаев Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияның (ICAN) атқарушы директоры Беатрис Финді ұйымға Нобель бейбітшілік сыйлығының табыс етілуімен құттықтады.

Б.Фин Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруынан азат әлем құрудағы үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ қарусыздандыру саласындағы халықаралық бағдарламаны іске асыруға өзара іс-қимыл қажеттігін атап өтті. Schaeffler AG концерні байқаушылар кеңесінің төрағасы Георг Шаффлермен және Schaeffler AG-тың Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша атқарушы бас директоры Райнер Линднермен технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі туралы әңгіме өрбіді. Сенат Төрағасы экономиканы технологиялық тұрғыда жедел жаңғырту Қазақстандағы кешенді реформаның маңызды құрамы екеніне назар аудара келіп, неміс бизнесін біздің еліміздің аумағындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.

(8)