mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Жапония:  Баланы видеоойыннан шектеу әдісі табылды

SoraNews24 сайты: «Жапониялық әйел баланы видеоойыннан шектеу үшін ерекше тəсіл ойлап тапты»,— деп хабарлайды. Twitter əлеуметтік желісінің қолданушысы ойын құрылғысына ілініп тұрған құлыптың фотосуретін жариялапты. Құлып қуат көзін беретін блоктың ұшын тесіп өтіп, резеткіге кіргізуге мүмкіндік бермей тұр. Екі құлыпты да анасы баласының ойын ойнауға кететін уақытын қадағалау үшін салып қойған. Жапонияда жалпақ істікшесінде тесігі бар «шпетель вилкалары» кең тараған. Баланың анасы сол мүмкіндікті қалт жібермей, құлыптың имегін шпетель тесігіне кіргізіп қойған. Бұл адам баласының ойлап таппайтыны болсашы!

(12)