mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елбасы Иран Президентіне көңіл айтты

Ақорданың ресми сайты: «Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады”,— деп хабарлайды.

Осыған орай Иран президентіне мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта: «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген.  Иранда құлаған Aseman Airlines әуекомпаниясының  ATR 72-500 ұшағының бортында 66 адам болған. Бұл туралы 18 ақпан күні Tasnim басылымы хабарлады. Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ясудж қаласына ұшып бара жатқан болатын. Ұшақ құлаған жерде қатты тұман болып тұрғандықтан, тікұшақтар тиісті шараларды бірден толық жүзеге асыра алмаған.

(5)