mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Демалмайтын әкімдер көбейсе ғой, шіркін!

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев демалыс күндері грейдерге отырып, қар тазалауға кіріскен. Ол өзінің Instagram және Facebooк желісіндегі парақшаларында қар тазалап жүрген видеосын жүктепті.

Видеода қар тазалау техникасын басқарып отырған әкім екені анық көрініп тұр. Қуат Тумабаев өзінің желідегі парақшасында: «Демалыс күндері қар тазалап жүрмін», — деп жазды. Ал желі қолданушылары болса, оған жақсы пікірлерін жазып, мақтау сөздерін аямады. Олардың айтуынша, шенеунік осы әрекеті арқылы елге үлгі көрсетуде. Жағымды пікір жазғандар саны да аз емес. Алайда «Біткен іске сыншы көп» дегендей, бұған секеммен қарап, әкімнің мұндай техниканы тізгіндеуге рұқсат беретін қағазы бар-жоғын білгісі келетіндер де табылыпты

(7)