Бұл іштарлық па, әлде…

Көптен бері ел назарынан тасада болған рэпер Ерболат Құдайберген қазіргі қазақ эстрадасына қатысты пікірін білдірді. Ол аты әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің бейдәстүрлі дауыс иесі екенін мәлімдеп, Зарина Мүсілімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында:

«Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес, бірақ ол бізді әлемге танытып жатыр. Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды. Еркектің даусы тенор болу керек. Мысалы, Димаштың дауысы — сопрано. Ол таңғаларлық жағдай. Тарихқа жүгінсек, 2-3 ғасырда бір туатын балаларда болатын дауыс. Мен оны бауырым деп, тегіміз бір деп қанша сыйлағаныммен, оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын. Димаш тыңдайтын әнші емес, байқаудың әншісі. Шетелге апарып көрсететін, мақтан тұтатын әншілердің бірі. Бірақ мен Димаштың әндерімен оны тойға шақырмас»,— деді. Ерболаттың  Димаш туралы пікірі, міне,  осындай. Сонда бұл: «Бабы мен бабы келіскен тума талантты көре  алмаушылықтан туындаған іштарлық па, әлде «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деуге саятын далбаса сын ба?»

 

(133)