Олимпиадалық марапаттардың әр елдегі бағасын есептеп көрді

Британияның Consultancy компаниясы олимпиадалық марапаттардың әр елдегі бағасын есептеп көрді. Атап айтқанда, қай мемлекет өзінің Олимпиада медалі үшін спортшыларына қанша төлейтінін анықтады, деп хабарлайды baq.kz.

Consultancy жариялаған нәтижелерге қарасақ, британиялық басылым «соншалықты бай емес» деп есептейтін Қазақстан спортшыларына көп сыйақы беретін болып шықты. Елімізде Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада «алтын» алған спортшыларға 215 000 еуро, күміс медаль алғандарға 125 мың еуро және қола жүлделі болғанға 62 500 еуро төленеді.

Италия бұл тізімде екінші орында тұр. Италиялық спортшылар алтын медаль үшін 150 мың еуро, «күміс» 75 мың, «қола» 50 мың еуро алады. Ал, Латвия өз спортшыларына қысқы Олимпиаданың алтын медалі үшін 142 300 еуро, «күміске» 85 500 еуро сыйлайды, тек қола үшін ешқандай сыйақы бермейді.

Дереккөз: https://baq.kz/kk/news/pyeongchang2018/kazakstan_olimpiada2018_medali_ushin_en_kop_toleitin_memleket20180217_124900

(16)