mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Төртінші МӨЗ-ге 9 млрд доллар кетуі мүмкін

Мұнай-газ саласының сарапшылары төртінші мұнай өңдеу зауытының Қазақстанға қаншалықты қажет екендігі туралы пікірлерін білдіріп, оны салу туралы ұсынысты үкіметке осы аптада айтпаққа келісті.

Тәуелсіз сарапшы Шамиль Дауранов: «Бұл мәселеге қаржыландыруды жүзеге асыру жылдамдығы мен қаржыландырудың ашықтығы тұрғысынан қарау керек. Егер бұл мемлекет қаражатын шығындап, бұрынғыдай бірнеше жыл бойы шешілетін болса, онда жаңа зауыт салуды қолға алудың не қажеті бар? 2000 жылдардың басында Қазақстанда өндіргіш күштерін 2020 жылға дейін дамыту және орналастыру нобайы әзірленді. Құжатты дайындау барысына барлық министрлік, облыс әкімдері, ірі кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық институттар қатысты. Ол құжатта жеке инвестициялар арқылы мұнай өңдейтін бірнеше орташа зауыттар салу туралы ұсыныс болды.

Мұндай шешім көлік құралдары шығындарын азайтып, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін жанармаймен қамтуға ықпал етуші еді. Алайда бұл құжат Қазақстан басшылығы тарапынан қолдау таппады. Қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау жөнінде шешімдер қабылданды. Мен сол кездегі шешу жолдары дұрыс болды деп санаймын. Мәселені жеке капитал есебінен, мүмкін Еуразиялық экономикалық одақ серіктестерімен бірлесіп шешу керек шығар»,— дейді. Oil Gas Project компаниясының директоры Жарас Ахметов: «Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету туралы сұраққа қатысты бар мәселе оның ішкі және сыртқы бағасының айырмашылығында болып тұр. Баға тұрақтамайынша, мұнайды өңдеу тиімсіз болып табылады. Бұл жанар-жағармай бағасының өсуіне әкеп соғуы мүмкін немесе біз жанар-жағармай бағасының қымбаттауына мойынсұнамыз. Ал қарсы болған жағдайда ара-тұра жанар-жағармай тапшылығын сезіп тұратын боламыз»,— деген пікірде.

«Финам» компаниясының сарапшысы Алексей Калачев болса: «Заманауи мұнай өңдеу зауытының салынуы Қазақстан үшін өте қажет нәрсе. Ішкі нарықтың өз отынымен тұрақты қамтамасыз етілуі өндірістің қуатын азайтады. Мұндай жағдайда еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында апаттық жағдай болып тұратындықтан, жоспарлы жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа зауыт салған жағдайда импортқа тәуелді болмайтын мүмкіндік туындайды, ал артылған жағдайда өнеркәсіптік құрылымы азырақ дамыған көрші мемлекеттерге сатып жіберуге болады»,— дейді.  Калачев. Үлкен мұнай өңдеу зауытының салынуына 5-8 жылдай уақыт кетіп, оған 9 млрд-тай қаржы жұмалуы мүмкін»,— деген болжам айтты.

(4)