Студенттер оқуда да өзін-өзі басқара алады

немесе ҚазҰУ-дағы әлеуметтік-тәрбие жұмысының жаңғырулары

Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды әлеуметтік рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Болашақ мамандарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, зерттеу мүмкіндігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын уақыт талабына сай жаңғырту – қоғамдағы өзекті мәселе.

Бұл жайында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа жағдайда жаңғы руға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді», — деп түйіндеген болатын. Сондай-ақ, 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы халыққа жолдауында төртінші басымдық ретінде адами капитал сапасын жақсартуды нақты атап, білім беруді-экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруды, сонымен қатар, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажетекенін ескерткен болатын.
Бүгінгі күні тек мол білім қорына сүйену жеткіліксіз, алған білімін өз бетінше толықтыру біліктілігі мен ғылыми-техникалық, инновациялық легін белсенді түрде игеруге бағыталуы тиіс. Студенттерде өзін-өзі жетілдіру, дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін психологиялық, теориялық және практикалық дайындық қалыптасуы тиіс. ЖОО студенттер өзіндік бақылау мен өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті адамның ойлау әрекетінің заңдылықтарымен танысады, оның мәні мен принциптері жөнінен білім алады. Сабақ кезінде әрбір оқытушы тәрбиелі мақсат қойып жұмыстануда түрлі тәрбиелеу әдісі мен формасын қолданады. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы университеттің оқыту, білім-ғылым беру ісінде басым да, бастапқы бағыттардың бірі болып табылады.Университетте оқытушының корпаративті мәдениет кодексі, студенттік ар-намыс кодексі,оқытушы мен студент ережесі қалыптасқан.Тәрбие үдерісін дамыту бойынша 30-дан астам орталықтар қызмет етеді. Оның басты да жауапты субьектісі – университеттегі куратор-эдвайзерлер институтының қызметі. Әр жыл сайын 700-ден астам оқытушылар студенттік топтарға куратор-эдвайзер болып бекітіледі. Куратор-эдвайзерлердің мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясын таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту болып табылады.Университет ауқымында куратор-эдвайзер мектебінің кеңесі мен білім беру бағытында тәрбие берудің заманауи методикаларын қолдануға байланысты біліктілікті жоғарлату семинар-тренингтерінің өткізілетіндігін, нәтижесінде СЕРТИФИКАТТАР берілетіндігін айта кету керек.
Куратор-эдвайзер топтың ұйымдастырушысы, әдістемелік басшысы, тәрбиешісі, педагог-психологы. Оның міндетіне мыналар жатады:
Оқу жылы барысында студенттік топтың өміріне ұдайы қатысуы: мәселелерін шешуге көмек көрсету, топта достық ортасын қалыптастыру, әрбір студентке тұлға ретінде қарау;
Студентердің сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылауды ұйымдастыру: сабаққа қатысу журналын тексеру, оқытушылармен оқу үлгерімі туралы әңгімелесу;
Топтағы әрбір студенттің денсаулығын және тұрмыстық жағдайын білу;
Студентерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу, сонымен қатар өздерін-өзі танытуына жағдай жасау;
Ата-аналармен жұмыс: студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі сондай-ақ оқу орнындағы іс-әрекеті туралы қажетті ақпаратты дер кезінде беру;
Топтағы студенттердің этикалық тәрбиесі: сыртқы келбетіне назар аудару, топтағы студенттің мінез-құлқына мән беру, олардың университеттің ішкі тәртібін қадағалауын бақылау;
Азаматтық,адамгершілік, эстетикалық, кәсіби, мәдени және физологиялық тәрбие беру бағытында нақты іс-шаралар ұйымдастыру жүктелген.
Бүгінде ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтановтың әлеуметтік және тәрбие жұмысы бағытындағы «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Грин кампус», «Салауатты дене тәрбиесі» тақырыбындағы мән-маңызы керемет авторлық жобасымен куратор-эдвайзерлер студенттермен бірге көптеген іс-шаралар өткізуде. Осы жобалар аясындағы ең үздік іс-шара жеңімпаздарына Университет және демеушілер тарапынан арнайы ұйымдастырылған мерекелік фестивальда диплом, сыйлықтар табысталады.
Сонымен қатар, білім-ғылым беру және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер аясында куратор-эдвайзер мектебімен әріптестік, әрі серіктестікте жұмыс жасап жүрген көптеген бірлестік құрылымдар мен ұйымдар баршылық.Солардың бірі Студенттік өзін өзі басқарудың ең жоғарғы ұйымы Жастар ұйымдары комитеті болып табылады.Ол студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі субектілері болып табылатын университет Студенттерінің Сенатын, жатақхана студенттерінің Жоғары кеңесін, Тәртіп сақтау жасағын, студенттік құрылыс жасақтарының штабын, үш лигадан тұратын дебат қозғалысын(қазақ, орыс, ағылшын лигалары) «ҚазҰУ қалашығы – «Green кампус» экоқозғалысын, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро және т.б. көптеген студенттік ұйымдармен клубтардың жұмыстарын үйлестіреді. Қазіргі таңда университетте барлығы 100-ден аса түрлі студенттік клубтар мен ассоциациялар жұмыс атқарады.
Қорытындылай келгенде, біздегі әлеуметтік тәрбие жұмысының мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымға ие, эмоционалдық жағынан тұрақты, түрлі мәдени топ өкілдерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын, патриот, әр-түрлі ғылыми, мәдени ортада өзін-өзі жақсы қырынан айқындай алатын тұлға тәрбиелеу. Тәрбие білім беру үдерісімен ұштастыра жүргізілсе, әлдеқайда тиімдірек болатыны сөзсіз.

И.О.Кулиев, Д.Р.Тураров
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Экономика және бизнес
жоғары мектебінің
Аға куратор-эдвайзерлері

(38)