mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Достығы жарасқан қос ел

Азаттықтың Қырғыз редакциясы: «Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков шекарашыларды мемлекеттік шекарадан өтетіндерге жылы шырай танытуға шақырды»,— деп хабарлады.

Қырғызстан президенті аппаратының хабарлауынша, Жээнбеков бұл жайында Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы қайта жабдықталған «Чалдыбар – Автодорожный» өткізу бекетіне барған кезінде айтса керек. Сонда ол: «Қырғызстан мен Қазақстан халқы «бауырлас және құстың қос қанатындай» бір-бірімен достығы жарасқан халық.

«Чалдыбар – Автодорожный» тексеру және өткізу бекеті екі елдің қақпасы, бұл жерде ортақ есік ашылады, осы жерден екі халықтың достығы басталады. Ежелде осы жерден Ұлы жібек жолының керуендері өткен»,— депті. Президент елге келетін қонақтарда Қырғызстан туралы алғашқы әсер тексеру және өткізу бекеттерінде пайда болатынын және мемлекеттің имиджі осыған байланысты қалыптасатынын да баса айтқан көрінеді.

(151)