Ағылшын тілін білгенге әлем есігін ашады

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері.

Елбасының ағылшын тіліне де ерекше мән бергенін атап өтудің жөні бар. Себебі, латын графикасының ағылшын тіліндегі нұсқасының орфоэпиялық ресурстары мен мүмкіндіктері өте мол, сондықтан да ол ресурстар мен мүмкіндіктерді бүгінгі күн тәртібінде тұрған қазақ/латын нұсқасын қалыптастыруда жете пайдалану қажет.
Ағылшын тілінің Word форматты компьютер клавиатураларындағы апострофқа (’) қатысты. Себебі апострофты диакритикалық белгі деуге мүлде болмайды, өйткені ол – ағылшын тіліндегі тәуелдік жалғауының немесе кейбір сөздердің қыс¬қарып қалатын әріптерінің орнына қолданылатын, сондай-ақ клавиатура бетінде қолжетімді жерде жеке орналасқан толыққанды таңба.
Латын әліпбиіне өтудің тағы бір тиімді тұстарының бірі- ол латын әліпбиі мен ағылшын әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстардың бірдей дыбысталуы, бұл дегенің бастауыш сынып оқушыларында көп қиындық туғызатын проблемалардың үлкен бір шешімі деп білемін. Латын графикасының британдық нұсқасы 2500 жылдық тарихы бар латын әліпбиінің ең жетілдірілген үлгісі екенін естен шығармаған жөн.
Егер біз ағылшын тілін жетік меңгерген, еркін пікірін айта алатын ұрпақ тәрбиелесек біздің болашағымыз жарқын болуына сенімдімін.

Айтуғанова Жадыра
Алматы облысы Қарасай ауданы
«Жармұхамбет орта мектебі»КММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі

(12)