mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ең аз және ең көп жалақы алатын мемлекет басшылары

Әлемде әр мемлекетті басқарып отырған басшылар қызметіне байланысты міндетті түрде еңбекақы алады. Дегенмен ел көшбашсысына төленетін ақшадан бас тартқан президенттер де бар. Ал кейбір лидерлердің ойынша миллиондап жалақы алу таңқаларлық нәрсе емес. Осы орайда әртүрлі ел басшыларының қандай жалақы алатынын жазған AdMe.ru мәліметіне жүгінсек, мынадай деректерге куә боламыз.

 АҚШ президенті Дональд Трамп жалақыдан бас тартып, жылына 400 мың АҚШ долларын алудың орнына $ 1 ғана алатынын мәлімдеді. Қазіргі президенттің байлығы 3 млрд АҚШ долларын құрайды, сол себепті ол жалақысыз да президенттің жұмысын істей береді. Бұған дейін Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де еңбекақысыз жұмыс істеген.

 Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин жылына 20 593 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады (айына $ 1 716, күніне $ 56). 2015 жылы оның айлығы 62 пайызға өсті. Президент және оның әйелі, қызы бизнеспен айналыспайды. Дегенмен оның жақын туыстарының ахуалы 376 млн АҚШ долларына бағаланған. Қытайда ең төменгі еңбекақы айына 150–300 доллар және ол әрбір провинцияға байланысты.

Финляндия президенті Саули Ниинистё осы лауазымға екінші рет сайланған әлемдегі табысты президенттердің бірі. Ол  жылына  146 700 доллар жалақы алады (айына $ 12 225, күніне $ 402). Финляндияда ең төмен еңбекақы мөлшерін мемлекет белгілемейді, дегенмен ол шамамен 2 000 АҚШ долларын құрайды.

 Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жылына 151 032 доолар жалақы алады (айына $ 12 586, күніне $ 414). Ресейде ең төменгі еңбекақы — 140 доллар.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді уысында мықтап ұстап отырған «темір леди». Ол жылына  198 509 доллар еңбекақы алады (айына $ 16 542, күніне $ 544). Британияда ең төменгі еңбекақы мөлшері —  1 569 долларға тең.

Франция президенті Эмманюэль Макрон Франция тарихындағы ең жас президент.  Ол жылына 211 530 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады ($ 17 628 айына, $ 580 күніне). Саясаткер болмас бұрын Макронның банк саласындағы карьерасы жақсы болған-ды. Осы үшін де оның «қаржы Моцарты» деген лақап аты бар. Францияда ең төменгі айлық — 1 758 доолар.

 Гватемала президенті Джимми Моралес бұрынғы комедия актері, бүгінде президент. Ол Латын Америкасы елдеріндегі ең көп жалақы алатын мемлекет басшысы. Оның жалақысы жылына 231 мың долларға тең (айына $ 19 300, күніне $ 634). Ол қызметіне кіріскен кезде сайлау алдында «табысымның жартысын қайырымдылыққа беремін» деген уәдесін орындады. Алғашқы айлығының 60 пайызын көмекке мұқтаж жандарға аударды. Гватемаладағы ең төменгі еңбекақы —  200 доллар.

ГФР канцлері Ангела Меркель жылына  263 мың доллар көлемінде еңбекақы алады (айына $ 22 000, күніне $ 720). Қызметтік пәтерден бас тартқан ол Берлиннің орталығындағы кәдімгі 5 қабаттық үйде күйеуімен бірге тұрады. Германиядағы ең төменгі еңбекақы —  1 780 доллапрға тең.

 Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жылына 267 415 доллар еңбекақы алады (айына $ 22 285, күніне $ 733). Канадада ең төменгі еңбекақы провинцияларға қарай төленеді, дегенмен орташа есеппен алғанда ол 1 400 долларға тең.

 Украина президенті Петр Порошенко жылына  336 мың доллар еңбекақы алады (айына $ 28 мың, күніне $ 921). Forbes-тің Украинадағы бай адамдар рейтингісінде Петр Порошенко 6-ы орында тұр, байлығы  1,3 млрд-қа тең. Украинада ең төменгі еңбекақы —  133 долларды құрайды.

Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл жылына 403 745 доллар айлық алады ($ 33 645 айына, $ 1 106 күніне). Ол бұрынғы банкир, кәсіпкер, мультимиллионер болса да Дональд Трамп секілді айлықтан бас тартуды ойламады. Австралиядағы ең төменгі еңбекақы — 1 900 долларға тең.

 Швейцария президенті Дорис Лойтхард бұл лауазымға екінші реет сайланған. Бұл елде президент лауазымына жыл сайын министрлердің біреуі сайланады. Қазір елді басқарып отырған Дорис Лойтхард басқа министрлермен бірдей жылына  437 мың доллар еңбекақы алады. Швейцарияда ең төменгі еңбекақы заңмен бекітілмеген, тек Невшатель кантонында оның мөлшері сағатына 20 долларға тең.

  Сингапур премьер-министрі Ли Сяньлун ел экономикасын қарыштап дамытқан әкесі Ли Куан Ю-дан кейін премьер-министр лауазымына отырып, оның саясатын жалғастырып келеді. Ол әлемдік лидерлердің ішінде ең көп жалақы алады. Еңбекақысының көлемі жылына 2,2 миллион долларға тең ($ 147 мың айына, $ 7 350 күніне). Премьер-министр мұны әділетті, шындыққа негізделген баға деп санайды. Сингапурда ең төменгі жалақы заң бойынша белгіленбеген, дегенмен ресми емес дереккөз оның көлемі айына 1 000 доллар деп көрсетеді

(32)