mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Елбасы Исекешевті қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде айтқан Әсет Исекешев: «2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты.

Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді. Негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болды. Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деп, елордадағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы мен Астана маңында жаңа жолдар салу жоспары жөнінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы елордада басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарды оң бағалап, кездесу соңында қала әкіміне нақты тапсырмалар берді.

(1)