mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақ-өзбек шекарасында 2 жаңа бекет ашылады

Үкiмет отырысында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов:

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрлігіне бірқатар тапсырма берген еді. Солардың бiрi — бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша тапсырма. Біз 2017 жылы салықтық және кедендік тексерулердің санын 45 пайызға қысқарттық. Ал жоспар бойынша 37,5 пайызға дейiн азайтпақпыз. Енді біз Министрлік алдына қойылған жаңа міндеттерді есепке ала отырып, штат санын оңтайландыруға кірісемiз. Елбасы тапсырма бергендей, біз бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру арқылы шамамен 600 штат бірлігін қысқартамыз және басқа жұмыс учаскесіне ауыстырамыз. Бiріншіден, қазақ-өзбек шекарасында тауар ағымының өсуіне және Өзбекстанмен үкіметаралық келісім бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты кеден қызметі үш бекетте тәулік бойы жұмыс режиміне ауысады.

Бұдан басқа, «Сырдария және Целинный» деген 2 жаңа бақылау өткізу пункті құрылады. Екіншіден, жұмыс режимі 24/7 жаңа теңіз порты аумағындағы «Құрық» өткізу пункті толық жасақталады»,— деп мәлімдеді. Еске салсақ, жуырда Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрi Бақыт Сұлтановқа бiрнеше ескерту жасаған болатын. Солардың бiрi — нақ осы бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға қатысты болатын.

(9)